Ұлан ауданы, Қасым Қасенов кентіндегі балалар музыка мектебінің тарихы тереңде жатыр. Білім ордасы келер жылы 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Атаулы күнге дайындықты білім ордасы қазірден бастап кеткен.
1980 жылы қолданысқа берілген музыка мектебі мерекелік шараларды да ұйымдастырады. Мұнда домбыра, ән, би, қобыз, үйірмелері сияқты бірнеше шығармашылық топтар жұмыс істейді.
Өнер мектебінің оқушысы Айзере Бақытжан би сынбында тәлім алады. Білім ошағына 4 сыныпта келген.Жеткен жетістіктері де аз емес. Осы уақыт аралығында көптеген байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген.
Өнер шаңырағында музыкалық аспаптар мен ән, би дәрістерінен бөлек, таяуда театр үйірмесі де ашылды.
45 жылдық тарихы бар музыка мектебінің осы уақытқа дейін өз шаңырағы болмаған. Шығармашылық үйіндегі екінші қабаттағы бес бөлмеде қызметін ұйымдастырып келген. Алдағы уақытта мекеме жаңа нысанға көшіріледі.