Бүгін ел тарихындағы маңызды күн. Жалпықалықтық дауыс беру арқылы азаматтар болашаққа өз таңдауын жасайды. Әр сайлау учаскесі интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқада құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Өскемен қаласындағы №95 референдум учаскесі кестеге сай жұмысына кірісті. Таң сәріден халықтың қарасы қалың. Солардың бірі Рахметқали Қалиұлы жұбайымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Референдум учаскесінде барлық талаптар сақталған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ғимаратқа кіріп шығуына да қолайлы.
Байқаушылар жағы референдум учаскесі ашылғалы заң бұзушылық тіркелмеді дейді.