Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев та референдумға келіп, дауыс берді. Өңір басшысы №9 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Жалпы, аталған учаскеде 2 041 дауыс беруші тіркелген.

Аймақ басшысы елдің ертеңіне алаңдап дауыс беруге келген халықтың қарасы көп болғаны көңіл қуантады, деді. Әрі референдум учаскелеріндегі жұмыстың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Мемлекеттік лауазымды тұлғалар да саяси шараның бел ортасында. Облыс тұрғындары да өз таңдауын жасап жатыр. Дауыс беруге келгендердің бірі - Темірғали Байынжанов. Маңызды саяси науқанға азаматтар жауапкершілікпен қарауда.

№9 референдум учаскесінде таңғы 7-ден бастап 300-ден астам қала тұрғыны дауыс беріп үлгерген. Ал алғаш рет саяси науқанға қатысқандар мен баласын ерте келген аналарға референдум учаскесі атынан сый-сыяпат жасалды.

Келушілердің саны уақыт өткен сайын көбеюде. Жергілікті комиссия мүшелері дауыс беру кезінде заңнаманың сақталуы басты назарда, - дейді.