Референдум учаскелерінде қарбалас. Ал, саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін байқаушылар жіті қадағалауда. Жауапты істе қырағылық танытып отырғандар арасында жергілікті қоғам белсенділері де бар.
Референдум учаскелері ашылған сәттен бастап "Дауыс "қоғамдық байқаушылар коалициясы" республикалық қоғамдық ұйымы өз жұмыстарын бастады. Ахуалды орталық республиканың барлық учаскелерінен өңірлік штабтар мен үйлестірушілерден өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істейді. Таңнан бастап Қазақстан бойынша ұйымның 9500-ден астам байқаушы референдум учаскелерінде саяси науқанның заң аясында жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Михаил Чайка - тәжірибелі байқаушы. Ол осындай саяси науқандарға қатысып, дауыс берудің ашықтығын бақылап жүр. Оның айтуынша, дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі.
Байқаушылар облыс тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатқандығын айтты.