Өз таңдауын жасауға мемлекеттің болашағына бейжай қарамайтын барлық азаматтар келуде. Учаскелердегі дауыс беру барысы қызу.Референдум учаскесіне Өскемендегі мотоклуб мүшелері де келді.

Саяси науқанға келіп жатқан халықтың қарасы қалың. Ал, мотокөлікке жаны жақын азаматтар бұл науқанға мерекелік көңіл күйде келген.

Жалпы №7 орта мектепте орналасқан №96 референдум учаскесінде 1644 дауыс беруші тіркелген.