Бұл күннің маңызын тұрғындар жақсы түсінеді. Референдум учаскелеріне барып жатқан адам мол. Әр азамат белсенділік танытып, таңдауын жасап жатыр. Учаскелерде ерекшеліктер де бар. Тілшіміз Данияр Қайратұлы сондай учаскенің бірінде болып қайтты. Сюжеттен көрейік.
Конституциялық құқығын пайдаланып, жауапкершілік жүгін сезінген тұрғындар учаскеге қарай келіп-кетіп жатыр. Таңдауын жасап, өз үлесін қосуда. №30 референдум учаскесінің алдында жәрмеңке ұйымдастырылған. Сөрелерде табиғи өнімдер тізіліп тұр.
Тауарлар табиғи. Әр өңірдің өз бренді қойылған. Мәселен, Катонқарағайдың балы, Ұланның құрт-майы, Тарбағатайдан әкелген ет те, Глубокоенің атақты шұжық өнімдері де бар. Тұрғын Евгения Орлова таңдауын жасап шығып, сатушыларға жақындаған азаматтың бірі. Мұндай күні бұл шара да ерекше әсер қалдырады, дейді.
Референдум учаскесіндегі жауаптылардың айтуынша, таңертеңнен бастап халық легі азайған жоқ. Мекенжайы бойынша келіп, таңдауын жасап жатыр.
Жалпы, №30 учаскедегі белсенділік жоғары. Бұған, ел игілігі үшін ұйымдастырылған жәрмеңке де үлкен сеп болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келгендер өз таңдауын жасайды әрі дәмді тағамды қолжетімді бағада ала алады.