Елде өткізіліп жатқан саяси науқанға облыс орталығының тұрғындары бір кісідей ат салысуда. Республикалық референдуда соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлері де өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды. Солардың бірі ардагер Құрмат Рахимов. Ол осы уақытқа дейін бірде бір саяси науқаннан тыс қалмапты.

Соғыс ардагері Құрмат Рахимов - 100 жаста. Ол аймақтағы ең қарт дауыс берушілердің бірі. Құрмат ақсақал күш қайрат пен жігері қажымаған жан.

Тыл еңбеккері Александр Землянскийде ел үшін елеулі оқиғадан шет қалмады.

№21 референдум учаскесінде де дауыс беруге келгендер қарасы қалың. Азаматтар өз таңдауларын әлі де жасауда. Референдумға келген ардагерлер жастарға үлгі дейді комиссия төрағасы Гүлмира Мағзұмова.

Дауыс беру үшін учаскеге ағылған тұрғындарға барынша жағдай жасалған. Комиссия мүшелері келген жұртқа кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтып отыр. Қазақстандықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.