Өскемендегі №35 жалпы орта білім беретін мектептегі №25 референдум учаскесінде халық белсенділік танытты. Арнайы костюм киген аниматорлар елмен бірге саяси науқанға қатысты.
Жастар да белсенді болды. Дауыс беру менің азаматтық парызым деп санайтын Аяулым Құрманова да өз таңдауын жасады.
№25 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Анна Таимованың айтуынша, тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысты.
Референдум учаскесіне балаларымен келген қала тұрғындары аниматорлармен естелік суретке түсті.