Тақырыпты жалғастырамыз.Ұстаздар күнінде облыс орталығының 700-ге жуық маманы салтанатты шараға қатысты.Жылдағы дәстүр бойынша үздік ұстаздар мен белсенді жас мамандар түрлі марапаттарға ие болды.

Қадырбек Демчинов - 35 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санатты, тәжірибелі ұстаз. О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінде география және биология пәндерінің мұғалімі. Ол салтанатты шарада қала әкімі Жақсылық Омардың қолынан «Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» төсбелгісемн марапатталды. «Төсбелгі маған көп жылғы жұмыс тәжірибемнің, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегімнің ақталып жатқаны. Бұл маған тағы да үлкен міндеттер жүктейді», - дейді мұғалім.

Бүгінде Өскеменде бес мыңнан астам білім саласының қызметкері еңбек етуде. Шаһарда 50-ден аса білім мекемесі бар. Қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова хабарлағандай, бұл күні облыс орталығының бір топ мұғаліміне Оқу-ағарту министрі және Өскемен қаласы әкімінің төсбелгілері, алғыс хаттары мен грамоталары табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен кейін Металлургтер мәдениет үйінің залына жиналған қауымның назарына мерекелік концерт ұсынылды.