Орманды заңсыз кесу және өрттен қорғау шараларын қабылдау қажет. Бастаманы іске асыру мақсатында аймақта 1200-ден аса орман шаруашылығы қызметкері мен 200-ге жуық техника, 3 мыңнан астам өрт сөндіру жабдығы әзірленді. Бұл туралы өңірдегі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайнов брфинг барысында мәлімдеді.

Биыл 8 сәуірден бастап өңірдегі орманда 7 орман өрті тіркелді. Өткен жылы қызыл жалын шарпыған аумақ 9,4 гектар болса, биыл 0,16 гектарға дейін қысқарған. Бұл алдын алу шаралары өз нәтижесін берді деген сөз. Ал жануарлар дүниесін қорғау мен олардың санын арттыру мақсатында

арнайы экипаждар да құрылды.

Жиында басқарма басшысы аңшылық шаруашылығы қызметі жайында сөз етті.

Орманды өрттен қорғау мақсатында алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды. Қызыл жалын ошағына лезде жету үшін тікұшақ қонатын алаң да құрылды.