Күршім ауданы жылу маусымына қызу әзірлік үстінде. Жұмыс түгел дерлік орындалған. Қазір соңғы кезеңдері жүріп жатыр. Күршім ауылының өзінде төрт жылыту орталығы бар. Жауапты мамандар кестеден кешігу жоқ, дейді.

Аудан орталығындағы қазандықтар биыл ауыз толтырып айтарлықтай жаңарған. Талай жыл жаңғыру көрмеген жүйелер осы жылы сыр бермеу керек. Мәселен, бұл бұрынғы пошта ғимаратының ескі жылыту орыны. Ішінде 1,5-2 Гкалориялық екі қазандық қойылған. Бұл қазандықтар №4 Күршім орта мектебі мен көпқабатты үш үйді жылытады.

Қазір ауа райы жайлы, күн жылы. Осы себептен барлық қазандық толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Қажет болған жағдайда берілетін жылуды арттырамыз, дейді мамандар. Жауаптылардың айтуынша, биылғы жақсы дайындық уақтылы қаражат бөлгеннің арқасы.

Күршім ауылындағы барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілген. Көмір қоры да жеткілікті.