Облыс орталығында «MADE IN OSKEMEN» атты көрме ұйымдастырылды. Шара аясында жерігілікті кәсіпкерлер көпшілік назарына табиғи таза өндімдерін ұсынды. Мақсат шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.

Жерігілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шара аясында кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Көрмеде креативті индустрия орталығының мамандары да белсенділік танытты.

Көрмеге жиналған жұрт табиғи таза өнімді алуға асықты. Әсіресе, ұлттық тағамдарға сұраныс жоғары болды.

Саялы Мұқышев көремеге қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлердің бірі. Ол қайың ағашынан түрлі бұйым жасайды. Кәсіпкер ағаштың бұл түрі берік болып келетінін айтады.

Шараның ұйымдастырылғанына кәсіпкерлер де, тұтынушылар да дән риза. Себебі, бірі тауарын қалың көпшілікке таныстырса, тұрғындар жағы табиғи өнім алды.