Аймақта астық жинау науқаны аяқталуға жақын. Ал, сол жиналған өнімдерді келесі жылға дейін сақтау арнайы мамандардың алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Бұл бағытта жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр? Тілші тарқатсын.

Өскемендегі ұн комбинатында 40 мың тоннадан астам астық жинаулы тұр. Мұндағы дәнді-дақылдарды сақтау үшін қажетті жағдай жасалған. Өнімнің сапасын сақтау әрі оны жоғары деңгейде ұстау үшін тың технология қолданылуда.

Элеваторлар- астық сақтайтын қойманың ең озық түрі. Мұнда да білікті мамандар қызмет етеді.

Элеваторларда жиналған өнім азық-түлік пен мал азығын өндіруге, егістік науқанында қолданылады.