Өңірде мемлекеттік сатып алу саласында 100 млн. теңгеден астам қаржының заңсыз жұмсалғаны анықталды. Бұл туралы Қазынашылық департаментінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында мемлекеттік сатып алулардағы күмәнді төлемдер мен бюджет заңнамасын бұзу деректері айтылды.
Аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Самар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі биыл тамыз айында бірнеше күдікті төлем жасағанын анықтаған. Бұдан бөлек, өзге мемлекеттік мекемелерде де бірнеше заңбұзушылық тіркелген.
Ведомство өкілдері мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында әкімдіктерге тиісті ұсынымдар жолдаған.
Салалық департамент өкілдері бюджет қаражатының мақсатты түрде пайдаланылуын қадағалау шаралары күшейтілетінін жеткізді.