Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған жобалар өз нәтижесін берді. Жастар ресурстық орталығының белсенділері жыл соңына дейін шараны жалғастыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастаманың маңыздылығы халыққа түсіндіріліп жатыр. Алғашқы кездесу студенттермен өтті.

Биыл сәуірде басталған экологиялық акция аясында 300 мыңға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны ретке келтірілді. Бұл жұмыстың басым бөлігін волонтерлер ұйымы мен студенттер жүзеге асырды.

Қаланың тазалығы әрбір ауладан басталады. Осы ұстанымды берік ұстанған студенттер өздеріне бекітілген аумақты мұнтаздай етті, қатарластарын шараға белсенді қатысуға шақырды.Экологиялық акциядан шет қалмағандардың бірі - Жанасыл Мұратұлы.

Жастар – ел болашағы. Мұндай акциялар жас буынды табиғатты аялауға, оған қамқор болуға үйретеді.

Жастар ресурстық орталығы жалпыұлттық акцияны қолдауға әзірміз дейді.