Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтайым - сені жырлаймын» атты облыстық жыр мүшәйра-фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шараға аймақтағы ақиық ақындар қатысып, көрермен қошеметіне бөленді.
Жыр мейрамын өскемендік Қызырбек Дүргінбайұлы «Саятшы ауыл» өлеңімен бастап берді. Облыстың аудандары мен қалаларынан келген 15 ақын жауһар жырларын оқып, поэзия кешіне келгендерді сүйсінтті. Олардың арасында Оразай Жеңісұлы да бар.
Бұл жолғы жыр додасының тақырыбы «Шығыс салбұрыны» мен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуына арналды. Мүшәйраға қатысқандар бірінен-бірі оза шапты. Олардың арасында жас ақындар да жетерлік. Солардың бірі - Әсемгүл Серікбол.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мүшайраның мақсаты-өңірдегі ақындардың өлеңін насихаттап, қаржылай қолдау көрсету. Шараға өнерпаздар да қатысып, ән салды.
Мүшәйра-фестиваль қатысушылары алғыс хаттармен және қаржылай сыйақымен марпатталды.