Мемлекет басшысының жарлығымен Өскемен және Семей архиепископы Амфилохийді рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеуге қосқан ерекше үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін "Құрмет" орденінмен марапатталды. Жоғарғы марапатты Шығыс Қазақстан облысынның әкімі Ермек Көшербаев табыстады.
Архиепископ Амфилохий жемісті қызметі, қайырымдылық бастамаларға белсенді қатысып, елдегі ынтымақ пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан көп жылғы ерен еңбегі үшін марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін өңір басшысы архиепископ Амфилохиды конфессияаралық келісімді нығайтуда атқарған қызметіне тоқталды.
Архиепископ Амфилохий өз кезегінде елдегі діни бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.