Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бес жарым мың шақырымға жуық.Оның 1 238 киллометрі – республикалық, 1 587-і шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар. Ал 2 500 киллометрге жуығы – аудандық. Қазіргі таңда аймақта қысқы маусымға әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай бастама Зайсан ауданында да қарқынды іске асырылуда. Қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігіне жауапты мекеме әкімшлік ғимаратынжөндеп, техника тұратын орындарды ретке келтіруді қолға алған.

Зайсан ауданы арқылы өтетін республикалық мыңызы бар жолды қысқы кезеңде күтіп ұстауға «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚОФ №33 жол пайдалану бөлімі жауапты. Бұл мекемеде 27 азамат еңбек етеді. Қазіргі таңда мамандар жұмыс қызып тұр дейді.

Қысқы маусымға жолды әзірлеуден бөлек, мекеме әкімшілік ғимарат аумағын ретке келтіріп жатыр. Мердігер ел астанасынан келген. Компания өкілдері құрылыс алаңына жергілікті тұрғындарды тартып, жұмыспен қамтып отыр.

Маусым айында басталған құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау көзделген.