Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған комиссия Өскемен қаласына келді. Тексеріс тобы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерін сын - сынақтың астына алды.
Төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сарапқа салынады. Ала таңның атысымен инспекторлық тексерісті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері тапсырды. Басты мақсат - өңірлік қолбасшылық әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Жауынгер үшін ең басты дене даярлығы.
Әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырды.
Қазан айының он алтысында басталған арнайы тексеріс ай соңында мәресіне жетті.