Аймақта келесі жылы жаңа мамандықтар ашылады. Бұл ақпаратты облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Толығырақ тілші материалында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай өңірде облыс әкімімен бекітілген Жұмысша мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, дейді білім басқармасы басшысының орынбасары.
Олыстық білім басқармасы салалық басқармалармен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе алдағы 4 жылға кадрлар қажеттілігін анықтаған.
Облыстағы іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды ескере отырып, 2025 жылдан бастап «Құрылыстағы сметалық іс», «Логистика», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Жаңартылатын энергетика», «Әуе энергетикасын ұйымдастыру», «Су көлігін пайдалану», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Цифрлық техника», «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану», «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу» сияқты жаңа мамандықтар ашу жоспарланып отыр, делінді брифингте.