Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың кезекті ойыны өтті. Ел біріншілігінде 10 құрама бас жүлдені сарапқа салады. Осымен 33-ші рет ұйымдастырылған додаға жиналған жұрттың қарасы қалың.
Чемпионатта «Жетісу», «Қуаныш», «Алматы», «Қарағанды», «GRACE KZ», «ERTIS», «Ақтөбе», «Ару-Астана», «Тұран» және жергілікті «БЕРЕЛ» командасы бақ сынасады.
Ұлттық Лиганың кезекті ойынында жергілікті «Берел» мен Петропавлдық «Қуаныш» командалары арасында өтті. Тартысқа толы ойында шығыстың бұрымдылары қарсыластарынан басым түсті.
Ұлттық лига ойындарындағы кездесулерді тамашалауға ниет еткендер үшін кіру тегін. Ел біріншілігі Өскемендегі Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.