Аймақта мал ауруларының алдын алуға бағытталған шаралар жемісті іске асырылуда. Биыл бес млн.ға жуық профилактикалық, 1 млн. 200 мың диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Өңірде өткен жылмен салыстырғанда мал ауруларының саны да төмендеген. Бұл көрсеткішке алдын алу жұмыстарының арқасында жету мүмкін болды, дейді салалық басқарма өкілдері.
Зайсан ауданында малға екпе салып, қан алу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қажетті сараптама да жасалады. Ветеринар мамандар ауданда эпизотикалық жағдай тұрақты екендігін алға тартты. Екпе жұмыстары ақпанда басталып қарашаға дейін жүргізіледі . Сондықтан бәрін қамтып үлгереміз деп отыр.
Тарбағатай ауданыда да жағдай тұрақты. Мұнда негізінен мал шаруашылығын дамытуға басымдылық берілген. Ветеринарлық мекемелер қажетті материалдық-техникалық базамен қамтылған дейді жауапты сала мамандары.
Аймақтағы ветеринариялық шаралар 85 пайызға аяқталды. Бруцеллезге жүргізілген тексеріс жұмыстары 92 процентке жетті. Өңірде тіркелген мал ауруларының көрсеткіші төмендеген. Облыста эпизотикалық жағдай тұрақты.
Жұқпалы ауруға қарсы екпе жүргізу де мемлекеттік тапсырысқа кіреді. Сондықтан тұрғындар үшін тегін.