Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил өңірдегі кәсіпорындарды аралады.Өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысқан вице-министр

отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін жеткізді.

2013 жылы іске қосылған Өскемендегі арматур зауыты мұнай және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қажетті өнім өндіреді. Зауытқа

мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие мен субсидиялар берілген.

Вице-министр «Рауан» өндірістік сауда компаниясына ат басын бұрды. Бұл тігін фабрикасы көпбалалы аналарды жұмыспен қамтып, төсек тартып жатқан науқастарға арналған арнайы киімдер тігумен айналысады. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген кәсіпкердің өтінішін тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

Үкімет отандық тауар өндірушілерге субсидия беру, мемлекеттік тапсырыстарды ұйымдастыру арқылы барынша қолдау көрсетуді жалғастырады, деді қаржы вице-министрі.