ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Набиолда Кемешевпен өңір жазстарымен кездесті. Туған өлкесінің өнері мен мәдениетінің дамып-өркендеуі жолында сүбелі үлесін қосқан тұлға студент жастарға өзінің өмір, өнер жолы туралы әңгімеледі. Кейінгі толқынға ой салу мақсатында көңілге түйгендерімен бөлісті.

Нәбиолда Кемешев - Марқакөл өңірінің өнері мен мәдениетінің дамып-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан қайраткер ретінде танымал. Ол еңбек жолын қазіргі Күршім ауданы, Ақбұлақ ауылындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. Бойдағы дарынының арқасында көпшілікке танылып, ел ішіндегі көркемөнерпаздарға жетекшілік еткен. Жергілікті жердегі халық театрының негізінде құрылып, кейіннен бүкіл Қазақстанға танымал болған эстрадалық-әзіл жанрындағы «Тамашаның» негізін қалаушылардың бірі. Ауданда Мәдениет үйінің директоры болып қызмет етіп, мәдениет бөлімін басқарған.

Кездесуде Нәбиолда Салихұлы «Қазына» ансамблімен бірге ән шырқап, жырдан шашу шашты. Жастар жағы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Нәбиолда Салихұлының бірқатар еңбектері әке тағылымы мен әкенің бала өмірінде алатын орнына арналған. Ол ер адамның ұрпақ тәрбиешісі, әрі шаңырақ иесі ретіндегі қоғам мен отбасындағы рөлі ерекше екенін айтады. Тағылымы мол кездесудің жастарға берері мол.