Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев есептік кездесу өткізді. Өңір басшысы брифинг барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен қол жеткізген жетістіктер жайлы айтты.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, биылғы жыл Шығыс Қазақстан үшін де, еліміз үшін де тарихи оқиғаларға толы болды. Өңір экономикасы тұрақты дамып келеді. Әр салада өсім бар.

Биыл өңірде «Жол жылы» бағдарламасы аясында 600 шақырым жол жөнделді. Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың мәлімдеуінше, бұл жоба өңірдегі жол инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты.

Облыс әкімі су ресурстарына қатысты мәселелерді шешу туралы сөз қозғады. Бұдан бөлек, аймақ басшысы балық аулау кәсібін дөңгелетіп отырған алдыңғы қатарлы аймақ екенімізді айтты.

Брифинг барысында өңір басшысы туристік және спорттық инфрақұрылымды жақсарту үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын атап өтті. Қысқы спорт түрлері мен жазғы туризмді дамыту басым бағытқа айналды. Сондай-ақ, облыста Марқакөл мен Қанас көлдерін байланыстыратын трансшекаралық туристік маршрут құрылмақ. Ермек Көшербаевтың айтуынша, бұл маршрутты дамыту тек туризмді жақсартумен шектелмейді, аймақ экономикасын нығайтатын маңызды бастама.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда облыс әкімі Ермек Көшербаев ауыл шаруашылығын дамыту – өңірдің басты басымдықтарының бірі және бұл салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Биыл Шығыс Қазақстанда дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25%-ға артты. Бұл табыс өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін маңызды факторға айналды. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өскен.