Бүгін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының жаңа әкімін аудан активіне таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін аймақтағы ішкі саясат басқармасы басшысы болған Серік Жеңісов тағайындалды. Жаңа әкім еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы, облыс орталығы әкімінің орынбасары болған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаментінде, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Астана қаласындағы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.