Өскеменде алғаш рет «Magic on stage» атты концерт-перфоманс өтті. Бұл кеште Оперетта театрының репертуарындағы «Айсұлу», «MAMMA MIA», «Летучая мышь» қойылымдарының таңдаулы сәттері көрсетіледі. Шараның мақсаты қандай? Тілші тарқатсын.

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры классикалық және заманауи өнердің бірегей үйлесімін сахналанды. Бұдан бөлек, театр төрінде сурет көрмесі де ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ермек Көшербаевта қатысты.

Басты рөлді сомдаушы – Данияр Айтқожинов. Талантты жігіт өнерімен көрермендердің назарын өзіне аударды.

Театр ұжымының дайындығы мен образдың шынайы шығуы уақыт пен кәсібилікті талап етеді. Десе де төгілген тер еш кетпеді. Жаңаша форматтағы концерт-перфоманс көрермендерді айрықша әсерге бөледі.

Енді жаңа маусымды театр ұжымы Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойына орай «Айсұлу» опеарсымен ашуды жоспарлап отыр.