Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру мақсатында аймақтағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушылармен кездесу өткізді. Кездесуде «Елдің заңын біл және сақта» тақырыбы талқыланды.

Шараға Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Ашық сабақ форматында өткен жиында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары, адалдық, әділеттілік және парасаттылық қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әр азамат заңды қатаң сақтап, тәртіпке бағынуы керектігін айтады.

Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің директоры Әділ Сайлаубек мұндай шаралардың оқушыларға берері мол, дейді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында жастар арасында жиі орын алатын бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг тақырыптары бойынша ақпарат берілді.