Өскеменде жаңа дзюдо орталығы ашылды. Салауатты өмір салтын сақтап, спорт саласын дамытуға арналған бұл нысанның ашылуы бапкерлер мен дзюдоға қадам басқан жасөспірімдер үшін үлкен қуаныш.

Жап-жаңа зал барлық қажетті тексерістен өктен әрі қауіпсіздік стандарттарына сай. Бұл талаптар жас спортшыларды дайындау үшін маңызды. Орталықтың ашылу салтанатына спорт шеберлері, жергілікті билік өкілдері, белсенділер мен қала тұрғындары қатысты. Залда жаттығу үшін барлық жағдай жасалған.

Спорт үйірмесінің есігі 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға ашық. Шығыс Қазақстан облысының дзюдо федерациясының президенті Рустам Закарьяновтың айтуынша, алдағы уақытта қалада тағы бірнеше спорт залдарын ашу жоспарда тұр.

Жанәділ Атаев – Өскеменнің ғана емес, бүкіл аймақтағы дзюдо мен самбо спортының негізін қалаушы. Өңірдегі көптеген мықты дзюдошылар Жанәділ Атаевтың шәкірттері.

Дзюдо – жылдамдық пен шеберлікті талап ететін спорт. Әлтайыр Серіктің дзюдоға қатысқанына тоғыз жыл болған. Болашақта біз бағындыратын асу әлі алда, дейді ол.

Спорт клубының негізін қалаушылардың бірі жақында Жапонияда біліктілігін арттыру курсынан өтті. Бұл орталықтан әлі талай чемпиондар шығатынына спорт шеберлері сенімді.