Негізгі Жаңалықтар Құтқарушылар жолаушыларға көмекке келді

Құтқарушылар жолаушыларға көмекке келді

Облыста бірнеше ауданда боран соғып, қалың қар жауып тұр. ТЖД мамандары азаматтарды жолға шықпауға ескертіп, хабарламалар таратып жатыр. Әйтсе де бұны елемеген жүргізушілер көп. Сондай-ақ бүгін облыстық Білім басқармасы Өскемен қаласында көктайғаққа байланысты екі ауысымның оқушыларын қашықтан оқуға ауыстырды. Өзге аудандардағы мектептер де қашықтан оқып жатыр.

Глубокое ауданындағы «Шемонаиха-Секисовка» трассасында жеңіл көліктер қар қамауында қалды. Құтқарушылар жедел жетіп, көлікті батқан жерінен алып шықты.

Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД ақпараты бойынша автожолдардың 5 учаскесі жабылды. «Қазгидромет» ақпараты бойынша 23 қаңтарда ауа температурасының 15-20-қа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Облыстың шығысында 25-30 градус аяз болады. Осыған байланысты азаматтарға елді мекендерден алыс жерлерге шықпауды ескертеміз. Күн райы орныққанша алыс жолдан бас тартқан абзал.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар