Қыс қаһарына мініп, табиғат тосын мінез танытуда. Шығыстың қысы қытымыр, желі ызғарлы. Әсіресе, таулы аймақтарда қардың қалыңдығынан аяқ алып жүре алмайтын кездер болады. Апта басынан бері Төтенше жағдай департаменті мен Қазгидромед мамнадары ауа райына қатысты ескерту жариялап, бірқатар жолдар жабылған болатын. Ал Алтай ауданында 4 күн бойы толассыз жауған қардың қалыңдығы 50 см асқан. Жергілікті коммуналдық қызмет күні-түні аудан орталығындағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалап, халықтың қатынауына жағдай жасауда.