Аймақтағы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру мақсатында жеке тұрғын үй секторларын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Нәтижесінде 125 мыңнан астам үй тексеріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары анықталған.
Аймақта азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үй жағдайын жақсарту бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізді. Бұл бағдарлама мұқтаж отбасыларға жылына бір рет 100 АЕК мөлшерінде пешті немесе тозған электр желілерін ауыстыруға қаражат бөлуді көздейді. Қазіргі уақытта бұл жоба Глубокое ауданында жүзеге асырылып, үш отбасы жәрдемақы алды.
Жылыту маусымы басталған уақытта әлеуметтік осал және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп иіс тиюдің алдын алатын 812 датчик орнатқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымы аяқталғанға дейін пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.