Елімізде 2024 жылдан бастап экспорттық қызметпен айналысатын компаниялар үшін қосылған құн салығын қайтару процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Жаңартылған ережелер тек жалпы қайтару тәртібіне ғана емес, сонымен қатар цифрлық теңге негізінде жаңа пилоттық жобаның енгізілуіне қатысты. Толығырақ сюжетте...

Қосылған құн салығын қайтару мүмкіндігі тауарларды экспорттайтын компанияларға беріледі. Нақтылап айтқанда, шетелге тауар сатып отырған кәсіпкер бірқатар талаптарды орындаған жағдайда ғана қосылған құн салығын бюджетінен қайтарып ала алады.

Қосылған құн салығының қайтару процесінде цифрлық теңгені пайдаланудың артықшылықтары көп. Мәселен, қосылған құн салығының жедел қайтарылуы, қайтару мерзімінің айқындылығы және ең бастысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі негіз. Бір сөзбен, қорытынды шешімге деген адам факторын азайтып, адал емес салық төлеушілер санын азайтуға септігін тигізеді.

 «Бұл жаңашылдық қаржы ағындарын бақылауды жақсартып, қосылған құн салығынан жалтару жолындағы қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба қатысушылары үшін цифрлық теңге бойынша барлық транзакциялар туралы ақпарат Ұлттық банкке және салық органдарына жіберіледі, бұл салық есептеулерінің ашықтығын айтарлықтай арттырады» деді ресми өкілдер.