Риддерде Жұмысшы мамандықтар жылына орай салтанатты кеш өтті. Шараға қоғам белсенділері, үздік қызметкерлер мен қала тұрғындары түгел жиналды. Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамдағы жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалаумен пара пар.
Қоғам¬да еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиет¬тер жоғары бағалануы тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Құтқарушылар да әркез қоғам назарында. Тілсіз жау қыспаққа алса кез-келген жанның құтқарушыларға жүгінетіні белгілі.
«Адал азамат» түсінігі – әр қоғамның негізі. Тарихи-өлкетану музейінде еңбек адамдарының мәртебесі, олардың өмірдегі орнын айқындайтын жәдігерлер аз емес. Олардың ішінде геолог, шахтер, металлург, құрылысшылар бар.
Галина Манвайлер – он жылдан астам «Казцинк» ЖШС қызмет етіп келеді. Ол осы уақыт аралығында шыңдалып, басшылық қызметке дейін жетті.
Шарада Риддердегі жеті мекеменің мамандары марапатталып, қошеметке бөленді. Шара соңы жұмысшы мамандықтар жылына арналған концертке ұласты. Онда қала өнерпаздары әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.