ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің оркестрі «Жеңіске 100 күн» акциясын бастады. Алғашқы шара өскемендегі сауда кешенінің бірінде өтті. Онда соғыс жылдарындағы танымал әндер орындалды.

Бұл шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Акция аясында «Нам нужна одна победа», «Черноглазая казачка», «Смуглянка», «День Победы» сынды әндер шырқалды. Бұдан бөлек, бастама шеңберінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, әлеуметтік көмек берілмек. Ал, мектептерде әскери-патриоттық шаралар, түрлі челлендждер өткізіледі. Ұлттық ұлан ардагерлерінің қатысуымен жастарға әскери тәрбие беру бағытында кездесулер ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақ майданға аттанған. Соның ішінде 87 мыңнан астамы шығысқазақстандықтар.