- Серебрянск қаласында «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатынан» қашқан төрт тәрбиеленуші табылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбекқызының айтуынша, 5 ақпанда кешкі сағат 20:30-да арнайы мектеп-интернаттың төрт тәрбиеленушісі интернат аумағынан қашып шыққан. Полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі шамамен үш сағаттан кейін, яғни сол күні 23 сағат 28 минутта жасөспірімдерді тапқан.