Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында бірнеше маңызды шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүзеге асыру үшін оқыту курстары мен кәсіби даярлық бағдарламалары ұйымдастырылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Айқынбеков брифингте айтты.
Облыста 372 мемлекеттік орган тіркелген. Олардың штаттық саны 3992 адам, ал нақты саны 3583 қызметшіні құрайды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар - 1857, ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері - 1726 қызметкерді құрайды.
Мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыру үшін маңызды шаралар қабылданған. Өткен жылы облыс бойынша 1047 мемлекеттік қызметші оқытылды. Оның ішінде 171 қызметші қайта даярлау курстарынан өтсе, 876 адам біліктілікті арттыру курсынан, ал 124 қызметші тағылымдамадан өткен.
Сонымен қатар, қызметтің сапасын бақылау үшін жүйелі түрде тексерулер мен мониторинг жұмыстары жүргізілетінділігін мәлімдеді. Былтырғы жылы осындай жұмыстардың арқасында 29 бақылау іс-шарасы ұйымдастырылып, 4686 бұзушылық анықталған. Осы бұзушылықтардың нәтижесінде 27 нұсқама беріліп, 104 ұсыным орындалды.