Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрліЖолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру қажеттігін әрі маман тапшылығын жою қажет екенін айтқан болатын. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мұнда екі қолға бір күрект таппай жүрген жастарға қолдау көрсетіліп, қалаған кәсіптерімен айналысуға мүмкіндік туды.

Өңір халқының басын қосқан бұл жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарға көмек көрсету. Түрлі кәсіп иелері бос жұмыс орындарын қала тұрғындарына ұсынды. Шараға қатысушылар жұмыс берушілердің түрлі ұсыныстарымен танысып, анкеталар толтырып, анықтама материалдарын пайдалануға мүмкіндік алды.

Жәрмеңкеге шамамен 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынаған 25 жұмыс беруші қатысты. Бүгінгі таңда өскемендегі кәсіпорындар мен ұйымдарға 1700-ден астам маман қажет. Ал облыстың мансап орталықтарында 17 мың азамат ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге келген жастар мен мектеп оқушылары «Мансап компасы» жүйесімен танысып, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды.

Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.Мақсат-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кадр даярлау сапасын жақсарту және жұмыс берушілермен әріптестікті нығайту. Мұндай жәрмеңкелер бүгін облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтті.