Биыл Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесіне 70 жыл. Мерейтой аясында бірқатар ауқымды шараларды өткізу жоспарланған. Соның бірі - «Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру» атты республикалық семинар-практикум. Семинар барысында әр аймақтан жиналған ұстаздар өзара тәжірбие алмасып, өнер училищесінің іші тыныс-тіршілігімен танысты.

Ресбупликалық семинар-практикумға елдің түпкір-түпкірінен 70-тен астам оқытушы жиналды. Семинардың мақсаты- «Халықтық көркем шығармашылық» және «Әлеуметтік-мәдени қызмет» бағытында білім беретін оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибелерін бір арнаға тоғыстыру, шығармашылық жобаларды оқу-тәрбие қызметіне біріктіру.

Әр аймақтан жиналған оқытушылар мұндай семинарлардың берері мол деп отыр. Себебі, ынтымақтастық аясында елдегі мәдениет пен өнер саласына қажетті мамандарды даярлау ісіне тың серпін беріледі.

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің директоры Әлмира Дюсупова, колледждер арасындағы ынтымақтастықты үнемі нығайтып отыру маңызды дейді.

Семинар-практикумның бірінші бөлімінде шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Екінші бөлімде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында мерекелік концерт өтті.