Өскемендегі №47 мектепте бейбіт күннің батыры, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Жалелхан Мұрымбаев атындағы «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Енді бұл сыныптың 21 оқушысы арнайы бағдарлама бойынша білім алады.

Шараға полиция департаментінің өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Жәлелхан Слямұлының жары мен ұлы да кадет сыныбының ашлуына арнайы келді.

Жоба әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесуге бағытталған.

Енді, кадет сыныбының оқушылары саптық, бастапқы әскери дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету және құқық қорғау сынды қосымша пәндерді меңгереді. Шара аясында кадеттер ант қабылдап, жеке куәліктерін алды.