Наурыз мерекесіне орай Ұлан ауданында «Ұлттық ойын - ұрпаққа аманат» атты сайыс өтті. Балалар шығармашылық үйінің мұрындық болуымен өткен шарада оқушылар асық ату, бес тас, арқан тартыс, садақ атудан бақ сынады. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрге деген құрметті сіңіру.
Соңғы жылдары Ұлан ауданында ұмыт қалған ұлттық спорт түрлері жаңғыра түсуде. Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын ұландықтардың қатары артып келеді. Солардың бірі - Айкерім Таңатар. Ол жебе мен садақты серік етіп, талай сайыста топ жарған.
Ал Еркегүл Жолдыбай ұлттық спорттың тағы бір түрі - бестас ойынынан түрлі жарыстарға қатысып жүр.
Ұлттық ойындарды қайта жаңғырту, дамыту және халық арасында кеңінен тарату ұландықтардың мақсатына айналған.
Ұлттық ойындар – ата-бабадан жеткен мұра. Сондықтан оны жас ұрпаққа үй-ре¬тудің, күнделікті өмірде пай¬даланудың пайдасы орасан зор.