Елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны көбейген. Орташа есеппен жылына 100 мың адамның 10-ы осы қатерлі ісікке шалдығады. Қазір өңірде 1500-ге жуық адам колоректалды ракпен есепте тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифнгте айтылды. Тақырыпты әріптесім Бекарыс Секен толықтырады.
Колоректалды қатерлі ісік аса қауіпті онкологиялық аурулардың үштігіне кіретін дерт. Сол себепті дәрігерлер дабыл қағып отыр. Ақ халаттылар тұрғындарға cкринингтен уақытылы өтіп тұру қажеттігін ескертеді. Өйткені ерте анықталған дертті емдеу де оңай болады.
ШҚО-да 11 жастан асқан үш мыңнан астам қыз «адам папилломасы» вирусына қарсы екпе алды. Осылайша мамандар жас жеткіншектерді жатыр мойны обырынан сақтауды жоспарлап отыр. Адам папилломасы вирусының асқынуы жатыр мойны обырына әкеп соғады. 2025 жылы бес мыңға жуық оқушы вакцинацияланады.
Қатерлі ісікпен күресу мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілуде. Сол себепті, cкринингтен өтіп, дертті ерте анықтау қажет.