Халқымыздың айрықша мейрамындағы атаулы күн – Жаңару күнін ерекше балалар көңілді атап өтті. «Өмірдің жаңаруын», қайта түлеу мен гүлденуді білдіретін мерекенің мәні терең. Уақыт тізбегімен алғанда, өткен күн тарих, салт-дәстүрді бейнелесе, болашақ, келер күн – жас ұрпақ.

Жаңару күнін «Асыл мирас» орталығы осылай зор қуанышпен, шаттықпен тойлады. Ерекше балаларды түзетумен айналысатын орында оннан астам қызметкер жұмыс істейді. Орталық жетпіске жуық аутистік спектрі бұзылған балаға көмек көрсетеді. Бүлдіршіндерге күнделікті сабақ оқытып, оңалту жаттығуларын жасатып қана қоймай ұлттық болмыста тәрбие береді.

Балалар мен ата-аналар үшін қызметкерлер ән де айтты көңілді ойын да ойнатты. Бүлдіршіндерге деген тапсырмалар ұлттық нақышта, дәстүрмен сабақтастырылып ұйымдастырылған. Жалпы, астарында ойын арқылы оңалту жатыр. Орталықтың дефектолог-мұғалімі Гаухар Амантаеваның айтуынша, мұндай шара балаларға да ата-аналарға да өте пайдалы.

Орталық мерекенің қай-қайсын болсын жоғары деңгейде атап өтеді. Себебі, бала үшін қуаныш. Бүлдіршіндер жүзіне күлкі ұяласа, содан артық бақыт жоқ.