Шығыс Қазақстан облысыныі әкімі Нұрымбет Сақтағанов су тасқыны қаупі жоғары Алтай және Катонқарағай аудандарына әуе арқылы бақылау жасады. Жедел штаб мүшелерімен бірге аудандағы өзендер мен су қоймалары, қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг жүргізді. Мәселен, Алтайдағы қар қалыңдығы 100см жетсе, таулы аймақтарда 250 см асады. Ал Катонқарағай ауданында қар биіктігі 30-50 см шамасында. Қазіргі кезде аудандардағы жағдай тұрақты. Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары басталды. Жағдай бақылауда. Барлық күштер мен құралдар дайын. Облыс әкімі осы сапар аясында жаңадан қайта құрылған Катонқарағай ауданындағы әкімдік, проуратура, сот ғимараттарын аралап, жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрді. Сонымен қатар дене шынықтыру- сауықтыру кешеніне барды. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстарының 75 пайызы аяқталған. Кешен жоспарға сай уақытында пайдалануға беріледі. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысын бақылауда ұстауды тапсрыды.