Өскеменде сәуір айынан бастап қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің «ONAY!» электронды жүйесі іске қосылмақ. Енді қала тұрғындары мобильді қосымша арқылы төлем жүргізе алады. Ол үшін виртуалды картаны іске қосу қажет. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа жүйенің тиімділігін тексеріп қайтты.

Қоғамдық көлік – әлеуметтік маңызы зор сала. Өскеменде бүгінде 300-ге жуық автобус халыққа қызмет көрсетеді. Заман ағымына сай қоғамдық көлік қызметін жетілдіріп отыру қажет. Облыс орталығында сәуірде іске қосылатын жүйе аталған саланың дамуына өзндік үлес қосады.

Бірыңғай көлік картасының құны 800 теңге. Картаны кез-келген банктің картасымен толтыруға мүмкіндік бар. Әлеуметтік осал топ санатындағылар, көпбалалы отбасы, зейнеткерлер мен балалар үшін картаны рәсімдеуде жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан бөлек, Өскемен қаласының автопаркі бес су жаңа автобуспен толықты.

Қазіргі таңда ONAY! жүйесін елдегі 6 қала пайдаланады. ЕНді бұл қатарға Өскеменде қосылды.