Өскеменде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында студенттермен кездесу өтті. Шараға мұрындық болған облыстық Жастар ресурстық орталығы. Мақсат – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру және заңсыз әрекеттердің алдын алу.

Заң мен тәртіп бар жерде әділетті қоғам орнайды. Бұл бастама өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін дамытуға сеп болмақ. Жиын барысында студенттерге есірткі заттарының қауіп-қатері мен салдары тұрмыстық зорлық-зомбылық тың алдын алу туралы ақпарат берілді. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Шара ашық сот форматында өтті. Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормалары, адалдық, әділеттілік және парасаттылық қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Бұдан бөлек студенттер шараны ұйымдастырушыларға өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Құқық қорғау органдары өкілдері өз кезегінде заң бұзушылықтар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтты.