Облыстық драма және оперетта театрының ұжымы кәсіби мерекелерін атап өтті. Атаулы күнге орай жыл үздіктері «Маска – 2025» сыйлығымен марапатталды. Бұл марапат – осы өнерге шын берілген жандарға деген құрметтің белгісі.
Марапаттау рәсімінде театр өнеріне сүбелі үлес қосқан үздіктер ерекше құрметке бөленді. Сахна шеберлері, режиссерлер мен театр ұжымының ерен еңбегі бағаланды. Бұл шара «Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» - театр өнерінің маңыздылығын атап өтіп, мәдениеттің дамуына үлес қосқан театр майталмандарын қолдауға арналған.
Сахна шымылдығы түріліп, жарқыраған залға жиналған көрермен театр әлеміне арналған мерекелік кештің куәсі болды. Кеш барысында сала үздіктерінің шығармашылығына деген құрмет ерекше сезіліп, театр өнерінің маңыздылығы тағы бір мәрте айшықталды.
Шығармашылыққа жан-тәнімен берілген әртістер үшін бұл марапат – тек құрмет қана емес, жаңа белестерге бастайтын шабыт көзі. Театр әрқашан көрермен жүрегінен орын теуіп, рухани құндылықтарды дәріптеуді жалғастыра береді. Марапат иелерінің қуанышы – театр әлемінің ортақ жеңісі. Бұл – төл өнерге, табандылық пен талантқа берілген жоғары баға.