Биыл 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарымен теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Яғни, осы күннен бастап, тіркелмеген мопедтерді пайдалануға және жүргізуші куәлігінсіз оны басқаруға болмайды. Егер полиция қызметкерлері тексеру барысында қажетті құжаты жоқ азаматтарды анықтаса, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Полиция департаменті мамандарының мәліметінше, қазіргі кезде облыс бойынша 300-ге жуық мопед тіркелген. Есепке алу жұмыстары 5-ші сәуірден кейін де жалғасын табады. Бастысы мопед иесінің жеке басын куәландыратын және мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметі жазылған құжаттары болуы керек. Бұдан бөлек, тіркеу жарнасы мен техникалық құжат үшін салық төлегенін растайтын түбіртегі болуы тиіс. Ал екі дөңгелекті көлік басқа адамның атына рәсімделсе, сенімхат міндетті түрде болуы шарт.