Облыстық әкімдікте құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға аймақтағы салалық басқарма басшылары, қала мен аудан әкімдері қатысып, сұрақтарын ортаға салды.

Комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуін нығайту қажеттігін атап өтті. Жиында облыстық білім, спорт, мәдениет басқармасының басшыларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысты.


Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Облыс әкімі кәсіпорын қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық сабақтар өткізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар қала мен аудан әкімдеріне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қараша халықты ақпараттандыруды, қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.


Жиын барысында жауапты мекемелердің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, заңнамалық өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек, шара барысында заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жаңа жобалар ұсынылып, олардың тиімділігі талқыланды.