Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де түлектерге арналған дәстүрлі жәрмеңке өтті. Шара жұмысшы мамандықтар жылын қолдауға бағытталған. «Мансап марафонына» аймақтағы үзік кәсіпорын өкілдері қатысты. Жас мамандар жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесіп, өз болашақтарын айқындауға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке аясында жұмыс берушілер студенттерге өз кәсіпорындары жайлы толық ақпарат берді. Болашақ мамандар мұндай шаралардың маңызы жоғары екенін айтады

Шара барысында жұмыс берушілер өз жобаларын таныстырып қана қоймай, түлектерге нақты ұсыныстар да жасады. Мәселен «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ өкілдері түлектерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жас мамандарды тәжірибеден өтуге шақырды.

Болашақ мамандар мен жұмыс берушілер арасында алтын көпір орнату бүгінгі шараның мақсаты. Жыл сайын өтетін шара аймақтағы жұмыссыз жастар санын азайтуды да көздейді.